audio audioduration (s) 0.75 26.6 | text stringlengths 1 324 |
|---|---|
Шымкенттегі Қазығұрт мөлтек ауданының халқы жылдар бойы жол азабын тартып келді. | |
Жуырда осы жердің халқы көшеге асфальт төселіп, жарық шамдардың орнатылғанын айтып сүйінші сұрады. | |
Бұдан бөлек қала іргесінде жатқан «Нұр шуақ» шағын ауданында да ауызсу құбырының құрылысы басталды. | |
Қазығұрт шағын ауданындағы Талғар көшесі қазір адам танымастай өзгерген. | |
Тұрғындар тақтайдай тегіс жолға дән риза. | |
Ал былтыр бұл маңайдың тоз-тозы шығып жатқан болатын. | |
Халықтың жан-айқайы жоғары жаққа жеткен соң, қаржы бөлініп, асфальт төселді. | |
«Енді еш қымсынбастан, қалада тұрамыз деп айта аламыз» – дейді тұрғындар. | |
Абай Өтелов, қала тұрғыны. | |
"Жаңбырда, қарда жүрдік. | |
Міне, айнадай етіп асфальт салып берді. | |
Бұрын нашар еді. | |
Аяқ-киіміміз де лай болатын. Қазір тамаша. | |
«Хабар» Агенттігіне рахмет айтамыз. | |
Осы халықтың мұң-мұқтажын былтыр да келіп, тыңдап еді. | |
Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі. | |
Талғар көшесінде өткен жылы «Хабар» Агенттігі келіп, мәселені көрген болатын. | |
Оған жиырма бес миллион теңге қаржысы бөлініп, Талғар көшесі толығымен асфальттау жұмыстары аяқталды | |
Ол жерде жаяу жүргінші жолы, су ағарлары бар. | |
Осы секілді мәселелерді жасап жатырмыз. | |
"Бұл көшеде жарық шамдар атымен жоқ болатын. | |
Ата-аналар: «Кеш батқанда мектептен қайтатын ұл-қыздарымызға қиын еді» – дейді. | |
Қазір жолмен бірге көше шамдары да ретке келтіріліпті. | |
Ал бұл – Солтүстік Саяжай тұрғын алабы. | |
Жуырда атауы «Нұр шуақ» болып өзгерген мегаполис іргесіндегі елді мекен. | |
Шағын аудандағы инфрақұрылым мәселелері туралы жаңалықтарымызда бірнеше рет айтқан едік. | |
Мұнда тұрғындар таза ауызсусыз күн кешіп келеді. | |
Су таситын көліктер жауын-шашын кезінде ауызсу әкелуді доғарады. | |
Өйткені жол жоқ. | |
Ал биыл көптен күткен таза ауызсу келіп жатыр. | |
Қазір құрылыс жұмыстары басталған. | |
Зибагүл Қосуақ, қала тұрғыны. | |
Бұқаралық ақпарат құралдар өкілдеріне хабарласып, ауылымыздың мәселесін ортаға тастағанбыз. | |
Биыл екі трансформатор қойып, шаммен қамтамасыз етті. | |
Ауызсуды да жылжытып берді. | |
"Суды да тендерден ұтыпты. | |
Оның жобасы жүргізіліп жатыр. | |
Бұл елді мекеннің балалары көрші шағын аудандағы мектепке, кейбіреулері қала орталығына қатынап оқиды. | |
Сондықтан білім ұясының жоқтығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр. | |
Ал көгілдір отынды тартуға сметалық-жобалық құжаттары дайындалып жатыр. | |
Қала іргесінде тұрса да, өркениеттен алыстап қалған тұрғындардың тілегі біреу. | |
Ол – инфрақұрылымның толық тартылуы. | |
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов. | |
Ал Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүргізілмек. | |
Сол арқылы жалпы ұзындығы елу алты шақырым болатын екі канал қазылады. | |
Бұл Қашаған мұнай-газ кен орнының кеме қатынасын жақсартады. | |
Алайда экологтар тереңдету жұмыстары су айдынының биоалуантүрлілігіне (кері әсерес) кері әсерін тигізеді деп алаңдап отыр. | |
Соңғы он бес жылда Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі айтарлықтай төмендеген. | |
Мұнай өндіруші компания қызметкерлерінің айтуынша теңіз түбі тереңдетілмесе, бес жылдан кейін мұнай өндірісі тұралап қалуы әбден мүмкін. | |
"«Алайда тереңдету жұмыстары су айдынындағы биоалуантүрлілікке кері әсерін тигізеді» – дейді эколог мамандар. | |
Арман Хайруллин, эколог. | |
"Теңіз түбіндегі су түбі бентусқа тұнған. | |
Мұның барлығы балықтың азықтық қоры. | |
Егер қазатын болса, осының бәрі өлетін болады. | |
Балық шаруашылығына үлкен кері әсерін тигізеді деп есептеймін. | |
Мұны нақты зерттемей тұрып, бұл жұмыстарды бастау әлі ерте деп санаймын. | |
Теңіз түбін тереңдету арқылы салынатын екі каналдың ені сексен метрден жүз он бес метрге дейін болады. | |
Мұнай өндіру компаниясы қызметкерлерінің айтуынша. | |
Тереңдету жұмыстары кезінде қоршаған ортаға ешқандай зиян келмейді. | |
Бұл жобаны жүзеге асыру үшін талдау жүргізіліп, мемлекеттік органдармен келісім де жасалған көрінеді. | |
Қуанышбек Маханов, мұнай-газ компаниясының өкілі. | |
Пандемияға қарамастан, компания қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жобаны әзірлеу кезінде экологиялық әрі биотехникалық зерттеулер жүргізілді. | |
Сондай-ақ осы жобаны дайындау барысында мемлекеттік органдармен бірқатар алдын ала кездесу өтті. | |
Өңір жұртшылығымен де жүздестік. | |
Теңіз түбін тереңдету жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасымен Экология департаменті әлі таныспаған. | |
Әзірге белгілі болып отырғаны, тереңдету кезінде он тоғыз миллионға жуық текше метр топырақ шығарылады екен. | |
Бұл жұмыстар екі мың жиырма бірінші жылдан бастап екі мың жиырма екінші жылдың соңына дейін жоспарланған. | |
Авторы: Асланбек Шығыр, Амантай Матенов. | |
Қоршаған ортаны, ауаны ластаған өнеркәсіптік нысандар енді еселеп айыппұл төлейді. | |
Қоршаған ортаға келген зиян көлемі қанша болса, соған лайықты төлемдер жасалуы тиіс. | |
Ол үшін ауаның ластану деңгейін анықтайтын арнайы датчиктер орнатылмақ. | |
Мәжілісте Экологиялық кодекс жобасын талқылау барысында халықтың денсаулығына зиян келтірмей, кәсіпорындарды да тығырыққа тіремей, мәселені оңтайлы шешудің жолдары талқыланды. | |
Президент биылғы Жолдауында жыл соңына дейін Парламентке Экологиялық кодекстің жаңа жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. | |
Экологиялық қауіпсіздік – ел Президенті қойып отырған міндет. | |
Мәжіліс депутаттары кодекс құжатын сарапшы экологтар, қоғам белсенділерімен бірге талқылауда. | |
Экология министрлігі екі мың жиырма бірінші жылы арнайы тексеріспен ірі өнеркәсіптік елу нысанның тізімін жасамақ. | |
Олар зиянды қалдықтар үшін айыппұл төлейді. | |
Еуропа елдеріндегідей ауаға бөлінетін зиянды азайту үшін үздік технологиялар қажет. | |
Мәжіліс депутаттары үздік қолжетімді технологияларды қолданып, кешенді экологиялық рұқсаттамаларға көшу нормасына тоқталды. | |
Талапты екі мың жиырма бесінші жылдан ерте орындаған кәсіпорындар эмиссиялық төлемдерден босатылмақ. | |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. | |
Ең үздік қолжетімді технологияларды қолдану арқылы біз қазіргі экологиялық проблеманы шешуді жоспарлап отырмыз. | |
Технологиялық процестерді жаңарту арқылы қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендетеміз. | |
Еуроодақ елдері үздік қолжетімді технологияны енгізуге он бес жыл уақыт жұмсады. | |
Бұл жылдам жасалатын дүние емес. | |
Әрине, соңғы үлгідегі қолжетімді технологияларды енгізу оңай шағылар жаңғақ емес. | |
Демек, талапты орындап үлгермейтін нысандар болары хақ. | |
Мәжіліс депутаттары олардың қарыздың астында көміліп қалмауына назар аудартты. | |
Шавхат Өтемісов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. | |
Егер үздік қолжетімді технологияларды енгізіп, бірақ қандай да бір жекелеген көрсеткіштер бойынша белгіленген нормативтерге қол жеткізе алмаған жағдайда осындай кәсіпорындар не істеу керек? | |
Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. | |
Он жыл беріледі, екі мың жиырма бесінші жылдан екі мың отыз бесінші жылға дейін. | |
Он жылдан кейін егер кәсіпорын мойнына алған міндеттерді орындамаса, төленген салық төлемдер (сол мекемеге) сол мекемеден бюджетке қайта қайтарылуы тиіс. | |
Егер жетпіс пайыз орындалса, тек отыз пайыз ғана орындалмаған жағдайда кәсіпорындарға қосымша бір жыл беріледі. | |
Осы ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин (кәсіпорындарды то) кәсіпорындарды тығырыққа тіремеуді алға тартты. | |
«Өндіріс көлемі кеміп, жұмыс орындары қысқармауы қажет» – деді Мәжіліс спикері. | |
Керісінше кәсіпорындар қайта жарақтандырылуы тиіс. | |
Депутаттар сондай-ақ елімізде Еуразиялық арнайы экономикалық одақтың техникалық регламентіне сай келмейтін көлік шығарып, пайдалануға тыйым салатын нормаға қатысты алаңдаушылығын білдірді. | |
Мұрат Теміржанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Өндіріске қатысты келісуге болады. | |
Ал пайдалануға қатысты мәселе сұрақ тудырады. |
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
- Downloads last month
- 15